Негізгі бет

Колледж туралы

Менеджмент

Қызмет

Оқу-тәрбие жұмысы

Талапкер

Студент

Қашықтықтан оқыту

Ата-аналар комитеті

«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ

Ереже колледждің                                                           Бекітемін Педагогикалық Кеңесінде қаралды                               Директор

 Хаттама № 1 28.08.2019 ж.                                            _______Садуакасов Д.С.

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 Қарсақпай 2019

Ата-аналар комитеті туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
    • Бұл ереже колледждің өзін-өзі басқару ұйымы болып саналады,колледждің ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жария етеді.
    • Ата-аналар комитеті туралы ереже колледжішілік ата-аналар жиналысында қабылданады және және колледж басшысы бекітеді.
    • Ата-аналар комитетін төраға басқарады.Ата-аналар жиналысын өткізуге мүшелері жауапты болады.Ата-аналар комитетінің жұмыс жасау мерзімі-1 жыл.
    • Ата-аналар комитетінің жұмысының жүйелі жасалуын бақылау үшін колледж директорының орынбасары мүшесі болып бекітіледі.
    • Ата-аналар комитетінің жұмысы БҰҰ-ның Баланың құқығы туралы конвенциясымен, ҚР Білім туралы заңы,білім беру ұйымдарындағы типтік ережелермен, колледж жарғысымен және жалпы ережелермен байланысты болады.
    • Ата-аналар комитетінің шешімі ұсыныс ретінде беріледі.
    • Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері.

-колледж әкімшілігімен бірге оқу процесін реттеп қалыптастыруда жағдайлар жасайды.

-оқушылардың өмір қауіпсіздігі және денсаулығы ,жеке тұлғаның еркін дамуы,оқушының қызығушылығының заң жүзінде қорғалуы,мектепшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі.

-Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру,оқушының құқығын және баланың жан-жақты дамуындағы отбасының жағдайы.

 

 

  1. Ата-аналар комитетінің қызметі
    • Оқу процесін ұйымдастыруда қалыпты жағдайлар жасау(оқулықпен қамтамасыз ету,көрнекі –құралдар дайындауға көмектесу)
    • Әр топтағы ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жүйелеу ,бақылау.
    • Ата-аналар арасында түсіндіру және ұсыныс беру жұмыстарын ұйымдастырады.
    • Колледжішілік іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналардың оқу орнымен байланысын нығайту
    • Колледждің жаңа оқу жылына дайындығына қатысу
    • Колледж әкімшілігімен бірге дұрыс тамақтанумен дәрігерлік қызметті бақылайды 7.Колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізуге көмектеседі

2.8.Өз тараптпарына түскен ұсыныс ,сұрақтарды қарастырады.Колледж басшысының нұсқауымен осы ережеде көрсетілген комитет құзырындағы мәселелерді қарастырады. 2.9.Комитет құзырына кіретін колледжішілік сұрақтарды қарастырады.

  • Оқу процесіндегі қауіпсіздік шарттарын іске асыруға,ұйымдастыруға санитарлық- гигиеналық ережелермен талаптарды сақтауға қатысады.
  • Коллледж өмірінің қалыптасу дәстүріне байланысты үгіт насихат мәселесімен басқа қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды
  • Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәртіпбұзушылық,бақылаусыздық,қараусыздық пен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша педагогикалық коллективпен байланыс жасайды.
  • Комитет құзырына жататын мектепшілік іс-шаралар өткізу және басқа мәселелер бойынша жастар комитетімен, басқада ұйымдармен байланыс жасайды.

 

 

  1. Ата-аналар комитетінің құқығы

Осы ережеде айтылған комитеттің құзырына сәйкес төмендегідей құқықтары бар

-колледж әкімшілігіне,өзін-өзі басқару ұйымдарына ақпараттар жөнінде нәтиже алу,оларды қарастыруға ұсыныс жасау

 

-басқа мекемелермен ұйымдарға түсініктеме беруге

-колледж әкімшілігінен және өзін-өзі басқару ұйымдарынан ақпарат алу немесе оны тыңдау

-топтардың ата-аналар комитетінің шешімдеріне сәйкес оқушылардың ата-аналарын өз отырыстарына шақыру

-отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға сын айту

-колледжішілік және т.б іс-шараларды өткізуге көмектесіп,белсенділік танытқан ата- аналарды марапаттау

 

  1. Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі Комитет

-жұмыс жоспарының орындалуына

-комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалысына

-колледж әкімшілігімен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыру

-қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қабылдануына

-комитеттің жеке және барлық мүшелерінің әрекетсіздігіне

-ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша комитет жұмысына қатыспаған мүшелері,сайлаушылардың шешімімен орнынан алынуына жауап береді

 

  1. Жұмысты ұйымдастыру
    • Комитет құрамына әр топтан бір ата-ана кіреді.Жыл басындағы өтетін ата-аналар жиналысындағы өкілдер комитетке сайланады
    • Комитеттің сандық құрамы өз еркімен анықталады.

Өз құрамынан комитет төрағасы сайланады( санына байланысты төрағаның орынбасарларымен ,хатшылары сайланады)

  • Комитет колледж директорының келісімімен жасалған жұмыс жоспарымен қызмет етеді
  • Комитет өз жұмысы жөнінде жылына бір рет жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысында есеп береді
  • Комитет отырысқа қатысқан тең жарты мүшелерімен шешім қабылдай алады.Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады.

 

 

  1. Іс-жүргізу
    • Комитет жалпы білім беру мекемелеріндегі іс-жүргізу нұсқауларына сәйкес жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысының және өз отырыстарының хаттамаларын жүргізеді
    • Хаттамалар колледж кеңсесінде сақталады
    • Комитеттегі іс-жүргізу жауапкершілігі комитет төрағасына немесе хатшыға жүктеледі.